2014-2017 жылдардағы кезеңде орташа банктер экономиканы кредиттеуі өсуінің жартысын қамтамасыз етті. Жекелеген орташа банктердің несие портфелінің өсуі 900 есеге жеткен, ал ірі банктерде – 2 есе.
Соңғы 10 жыл ішінде сыртқы қарыз алу мен борыштық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді, олар ұзақ мерзімді және тиісінше орнықты қорландыру ретінде қаралады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оларды шоғырланудың тәуекелдері жоғары квазимемлекеттік сектор депозиттері, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары алу тәуекелі бар салымдары ауыстырады. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР парламенті сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.
Ол мерзімді депозиттер мерзімді құралдарға шартты ғана жататындығын атап өтті. Депозиттерді мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі мерзімді депозиттерді «талап ету бойынша» салымдармен теңестіреді. Бұл ұзақ қорлардың тапшылығына әкеледі және экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеу әлеуетін шектейді. Ол кредит портфелінің өсуіне орташа банктер тарапынан айтарлықтай рөлі болатыны туралы да айтып берді.
«2014-2017 жылдардағы кезеңде орташа банктер экономиканы кредиттеуі өсуінің жартысын қамтамасыз етті. Жекелеген орташа банктердің несие портфелінің өсуі 900 есеге жеткен, ал ірі банктерде – 2 есе. Бұл ретте орташа банктерде кредиттеудің өсуі мемлекет ақшасымен қамтамасыз етілген болатын. Мәселен, орташа банктердің міндеттемесі құрылымында мемлекет ақшасының үлесі 50%-дан астам құрайды», - деп ақпарат берді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, статистика жағынан орташа банктер кредиттердің өсуіне айтарлықтай үлес енгізгеніне қарамастан, бұл банктердің экономикадағы рөлі іс жүзінде нөлге тең болып тұр.
«Орташа банктер акционерлермен байланысты тұлғаларға материалдық емес кепілге белсенді түрде кредит бере отырып жеткілікті түрде ырықтандыру кредит саясатын жүргізген. Осындай кредит саясатының салдарынан орташа банктер қиын қаржылай жағдайға тап болды. Нашар кредиттердің орташа үлесі 70%-ды құрап отыр», - деп қорытындылады Д.Ақышев.