"Дәрілерді сатып алғанда берілетін түбіртектерді сақтаңыздар" - Заңгер кеңесі

0
977

Заңгер тіпті емханаға соққан қоңырау бен хабарламаны да тіркеп отыруға кеңес береді.


ERNUR.KZ. Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов ауырып жатқан қазақстандықтарға дәрі сатып алғанда берілетін түбіртектерді сақтауға кеңес берді, деп жазады Stan.kz.

Ол қазіргі таңда дәрілердің жоғарғы сұранысқа ие екенін алға тартты.


"Конституцияға сәйкес денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық сақтандыру бойынша біз тегін емделуіміз керек. Сол себепті құжаттардың барлығын және түбіртектерді сақтауға кеңес беремін. Ауырғаныңыз туралы ақпаратты жинастырңыз. Сырқатыңызға байланысты барлық дүниелерді, атап айтсақ, емханаға соққан қоңырауларыңыз бен хабарламаларыңызды тіркеп отырыңыз", - дейді заңгер.


Айтуынша, кейіннен сіздің аурудан жазылып шыққаныңызды дәлелдеу керек болады.


"Эпидемия басылғаннан кейін біз келтірілген шығынды төлеткіземіз. Міне, құжаттар сол үшін қажет. Егер дәрілерді алғаныңыз туралы түбіртек болмаса, препараттардың қаптамасын сақтауға да болады. Бұл ақпарат ертең сіздің несие, салық немесе басқа да төлемдерді кешіктіріп қалсаңыз да керек болады", - дейді Сүлейманов.