Демалыс күні елордаға шетелден келген 189 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған

0
689

Жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласына 1,3 мыңға жуық жолаушы келген.


Демалыс күні елордаға шетелден келген 189 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 9 ұшақ қонып, Turkish Airlines, Air Astana, Scat, Вelavia және Flydubai әуе компанияларына тиесілі рейспен 1294 адам келген. Халықаралық рейспен келген жолаушылардың 189-ында ПТР-тест анықтамасы болмай, олар стационарға жатқызылған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Анықтамасы болмаған жолаушылар тест тапсырып, оң нәтиже көрсеткендері инфекциялық стационарға жатқызылады.

Еске сала кетейік, 6 қазанда еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа жарлығы күшіне енді.