Демалыс уақытында мұғалімдерді мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды

0
932

Бұйрықты бұзу фактілері негізінен Түркістан және Алматы облыстарында анықталған.


Демалыс уақытында мұғалімдерді мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды

иллюстрациялық фото

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде және көктемгі демалыс уақытында мұғалімдерді мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту мақсатында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Бұйрықты бұзу фактілері негізінен Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - деді министрліктен.

ҚР БҒМ-нан атап өткендей, көктемгі каникул кезінде мұғалімдер әдістемелік және алдағы оқу процесіне дайындықты қашықтан атқара алады. Бұл ретте, олардың жалақысы толық көлемде сақталады.

«Яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді», - деді ведомстводан.