Денесі табылмай жатқан қыз жігітінен өзін өлтіруді өтінген болуы мүмкін

0
537

​Семейде денесін 450 адам іздеп жатқан кәмелет жасына толмаған қыз өзін өлтіруді сүйіктісінен өтінген болуы мүмкін.


Денесі табылмай жатқан қыз жігітінен өзін өлтіруді өтінген болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алайда бұл ақпаратты қалалық полиция басқармасы әзірге растамады, жоққа да шығармады, деп жазады exk.kz.

Сенімді дереккөздің мәліметінше, қыз жақында ғана 17 жасқа толған. Ал жігітінің жасы 19-да. Екеуара келісім бойынша қызды өлтіргеннен кейін жігіт көпірден секіріп кетуі керек болған. Алайда соңғы сәтте ол суицид жасау туралы райынан қайтып, полицейлерге өзі барған.

Семей қалалық полиция басқармасындағылар қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты. Өйткені қыздың денесі әлі табылмаған. Ол өлтірілді ме, жоқ па, оны да дөп басып айту әзірге ерте.

Жоғалған қыздың денесін іздеу жұмыстарын полицейлерден бөлек еріктілер де жүргізіп жатыр. Алайда нәтиже жоқ.

13 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған қыздың денесін 450 адам іздеп жатқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.