Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

0
526

2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады.


Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Әзірше, бізде осы іске қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құзіретті органдар ол ақпаратты өздері жариялайды деп ойлаймын", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, оның орынбасары жұмыстан кету туралы арызды өткен аптада берген.

"Әбішев Олжас Амангелдіұлы жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды өткен аптада тапсырған. Қазір біз ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сондықтан арыз бар, егер шешім қабылданса, онда ол қызметінен босатылатын болады", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.