Осы орайда қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын Түркістан облысында су басу салдарынан зардап шеккендерге аударды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбекақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады», - делінген таратылған хабарламада.
Осы орайда қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланғанын, оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елді мекенді су толығымен басқанын айтты.