Депутаттар өңірлерге аттанады

0
1 407

​Мәжіліс депутаттары президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу үшін алтыншы сәуірге дейін өңірлерге шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Депутаттар өңірлерге аттанады

Мәжіліс депутаттары президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу үшін алтыншы сәуірге дейін өңірлерге шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгіннен бастап депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әрбір отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіруді мақсат етіп отымыз", — деді жалпы отырыстан кейін төраға Нұрлан Нығматулин.

Депутаттар Астанаға 6 сәуірде оралады.

"Астанаға оралғаннан кейін келесі пленарлық отырыста осы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларын жұмысқа қабылдаймыз", — деді ол.