Димаш келесі жылы АҚШ-та жеке концертін береді

0
1 011

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Димаш келесі жылы АҚШ-та жеке концертін береді

ERNUR.KZ. Келер жылы Нью-Йорк қаласында Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова есептік кездесу кезінде айтты, деп жазады kaztrk.kz.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар балалар туризмін дамыту мақсатында «Kids go free» қағидасымен әуе жолдарында тегін ұшу жоспарлануда. Әлеуметтік жағдайы төмен, білім беру жарыстарының жеңімпаздары, оқу озаттарына арналған "Балалар туристік пойызы" атты жобасы қолға алынды.

Ал кино саласына келер болсақ, әлемдік деңгейдегі "Форсаж" және "Трэдстоун" фильмдерінің кейбір үзінділерін елімізде түсірілуі мүмкін. Әзірге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елдегі киноөндірісті дамыту үшін арнайы заң да қабылданған.