Димаш концертінде алғаш рет жанкүйерімен бірге ән шырқады

0
1 174

Димаш «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады.


Димаш концертінде алғаш рет жанкүйерімен бірге ән шырқады

ERNUR.KZ. 9 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мұз сарайында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Әлемге танымал әншінің концерті туралы әлеуметтік желіде көптеген фото-видео жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэт болып ән шырқады», делінген dimashnews.com сайтында.

Айырықша даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған Димаш Құдайберген Индонезиядан келген жанкүйерімен дуэтте алғаш рет ән шырқады. 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында Димаш өзінің «Ұмытылмас күн» деген әнін бойжеткен жанды даусымен орындап, әлеуметтік желіде жариялаған болатын.


«Мен алғаш рет 2017 жылы Димашты Adagio әнін шырқаған кезде көрдім. Содан бері мен оның жанкүйерімін. Димаш маған ерекше шабыт береді. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Мен Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінім туралы жаздым, жауап ретінде мен онымен сахнада ән айтуға ұсыныс алдым. Біз бірге репетиция өткізген жоқпыз және импровизация жасай алуымыз әбден мүмкін еді. Бір-екі күн бұрын ғана әнді таңдадық. Бұл менің өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Мен қатты қобалжыдым. Десе де, өзімнің кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой маған сенімділік пен шабыт берді», – дейді индонезиялық ару.

Римар үлкен аудиторияның алдында толқып, қобалжығанына қарамастан, Димашпен дуэті тамаша өтті, ал залдағы бүкіл көрермен бұл әнді қосыла шырқады.