Диплом алғанын атап өтпекші болған жігіт көз жұмды

0
638

Сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдікте тапты.


Диплом алғанын атап өтпекші болған жігіт көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы колледжінің 19 жастағы түлегі Қапшағай су қоймасында көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы облыстық ТЖД хабарлауынша, оқиға 24 маусымда Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы демалыс аймақтарының бірінде болған.


"Жігіт Алматы колледжінің түлектерімен бірге жағалаудан ұзап, екі орындық катамаранда судың ортасына жүзіп барған. Жігіттер суға түсуге арналмаған жерге қарамастан катамараннан секіре бастады. Нәтижесінде олардың бірі суға батып кетті", - деді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев.


Сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдікте тапты. Қапшағайға жігіттер колледжді бітіргенін атап өту үшін келген. Колледждің атауы хабарланбайды.