Дмитрий Легкий Қазақстан халық партиясының мүшесі.
ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Легкийді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.
Дмитрий Легкий Қазақстан халық партиясының мүшесі.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасының Парламентi белгiленген үлгiдегi тиiстi куәлiк пен төс белгi табыс етiлсiн", - делінген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиялары қаулысында.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары ҚР Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты қолдаған болатын.