Әуежайға келген медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады.
ERNUR.KZ. Кеше, 3 ақпанда "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы - Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды,деп жазады TengriNews Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшу алдында өзін нашар сезініп, нәтижесінде билет келесі күнге ауыстырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық аурумен ауырған. Ұшқан кезде өзін өте нашар сезінген. Әуежайға келген медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.