17 шілдедегі дерек бойынша, елімізде коронавирустан қайтыс болған адамдардың жалпы саны - 464 (0,7%).
ERNUR.KZ. ДДСҰ мамандарымен тікелей эфирде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус туралы соңғы мәліметтерді жариялады, деп жазады zakon.kz.
17 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың 66 895 жағдайы тіркелді, оның 26 175-і емделіп жатыр, 40 256 (60%) адам емделіп, ауруханадан шығарылды, 464 адам коронавирустан қайтыс болды (0,7%).
15 шілдедегі жағдай бойынша, елімізде КВИ-дан 375 адам қайтыс болған еді.