Бала есінен танып, аузынан көбік шығып жатып қалған.
Павлодардағы № 6 мектеп-лицейдің аумағында болған ұрып-соғу фактісі туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желідегі zhaloba__ekibastuz парақшасында жазған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Рavlodarnews-ке сілтеме жасап.
«Менің балам ауруханада жатып, 9 наурызда шығарылды. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ директор бір рет те қоңырау шалған жоқ! Мен мұндай немқұрайлылықтан шошып тұрмын! Қалалық білім бөліміне хабарластым, бірақ олар да үнсіз. Таң қалдым! Келесі күні мектепке келгенімде полицияға жүгінгенім үшін мұғалімдер тарапынан маған айып тағылды. Қарсы тараптың ата-анасынан да ешқандай әрекет жоқ! Баланы лицейге бермес бұрын 1000 рет ойланыңыз! Ол жерде сіз ойлағандай жақсы болуы мүмкін бе? Мен мектептен мұндай көзқарасты күтпеген едім! Ал әлгі бала жайбарақат мектепке барып жүр, жай ғана есепке қойылған. Сау баланы жедел жәрдеммен әкетті! Ал мектеп директоры әлі күнге дейін менің ұлымның денсаулығы туралы сұрамады!» – деп жазады ашынған ана.
Оның айтуынша, балаға мидың жарақаты, контузия, мұрынның сынуы, жеңіл дәрежеде үсік шалған диагнозы қойылған.
«Ол есінен танып, аузынан көбік шығып жатты. Футбол алаңында ұрған, ал үлкендерден жанында ешкім болмаған! Камералар да жоқ!» – дейді ол.
Екібастұз қаласының білім бөлімінде № 6 мектеп-лицей аумағында оқушылардың төбелес фактісі бойынша алдын алу кеңесі жүргізілуде екенін хабарлады. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мектеп басшылығы мен педагогтардың іс-әрекеттеріне баға берілетін болады.
Облыстық полиция департаментінде аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.