Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды

0
593

жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.


Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.