Мектептің күрделі жөндеу жұмысына жалпы сомасы 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.
ERNUR.KZ. Апат кезінде ғимаратта оқушылар болмаған, деп жазады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық білім беру басқармасының бөлім башысы Екатерина Гоман мәлім етті.
"№24 мектепте «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеу жасалуда. Жөндеуге екі мердігер тартылған. Ғимарат пен мектеп аумағын жөндеу бойынша бір мердігер және жылу жүйелерін жөндеуге жеке мердігер тартылған", - деді Екатерина Гоман.Мектептің күрделі жөндеу жұмысына жалпы сомасы 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Спикердің айтуынша, өрт бірінші қабаттағы кабинетте «Бектемір Құрылыс» ЖШС дәнекерлеу жұмысын жүргізу кезінде шыққан.
"Шығын екі мердігердің өзара келісімі арқылы өтеледі. Яғни, мердігерлер өтейді. Өйткені дәнекерлеуден шыққан ұшқын екінші мердігердің жөндеуге дайындап қойған заттарына, жаңа есік, терезелерге барып тиген", - деді Екатерина Гоман.Мектепте жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Оқушылар басқа екі мектепке бөлініп оқыған. Жалпы, №24 мектепте 980 оқушы білім алады.
Еске салайық, кеше таңертең Екібастұз қаласында Сәтбаев көшесі, 4 мекенжайындағы №24 мектептің ғимаратында өрт шыққан болатын.