Екібастұзға бағдарламамен көшіп барған отбасылар өкініп отыр

0
651

Аймақта «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы өткен жылы іске қосылған.


Екібастұзға бағдарламамен көшіп барған отбасылар өкініп отыр

ERNUR.KZ. Павлодар облысына былтыр арнайы бағдарламамен көшіп келген отбасылар кері қайтпақшы. Оған себеп: сапасыз баспана мен жалақысы аз жұмыс. Өңірде қолға алынған "Нұрлы Ертіс" бағдарламасымен былтыр 200 жанұя Екібастұз қаласына көшіп келген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ғабитжан Қайдаров Нұрсұлтаннан былтыр тамыз айында қоныс аударған. Елордада пәтер жалдап күн көрген отбасы, қуаныштарында шек болмағанын айтады. Алайда, ол ұзаққа созылмаған. Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы көңілден шықпапты. Тіпті уәде етілген жұмыста жоқ деді.


Мына жақта мәселе шешілмейтін болса, амал жоқ кетеміз. Өйткені, я жұмысы жоқ. Бұлар көбінесе айтады жұмысқа орналастырып жатырмыз - деп. Сонда орналастырып жатқаны теплица мен анау стройкасы ма? Айлықтары 50-60 мың. Өздері айтқан айлықтары қандай? 120 мың деген. орындалып жатқан жоқ оның бәрі, - дейді Екібастұз қаласының тұрғыны Ғабитжан Қайдаров


Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы да көңілден шықпаған. Қабырғасы қақырап тұр. Одан қалды қанша от жақса да, үйді жылыта алмаған. Мәселені айтып, құзырлы органдарға барғанмен, нәтиже жоқ –дейді.

Бұл жерде барлық нәрсені көз алдау жасап кеткен. Бетін краскалап қоя салады. Әрі қарата өткізіп жіберген. Бұны Үкімет қабылдамау керек еді, бірінші. Үкімет қалай қабылдайды егер ол халыққа жақпаса, халықтың ақшасынан бюджетке келіп отырған мынау әр кірпіш. Сол кірпішке осыны салған құрылыстың адамдары жауап беру керек. Ал шаһар әкімдігі болса, құрылыстың сапасыз салынғанын мойындайды. Сол үшін мердігер құрылысшыларды сотқа берген, - деді Екібастұз қаласының тұрғыны Алтынай Қырқынбаева.


Ал, жұмыссыз жүр деген уәжбен келіспейді. Ұсынған жұмысты жалақысы аз деп менсінбейтіндері бар деді. Баспанадағы олқылықты 10 күнде жөндеп бермекші.


Бұл мәселелер қыркүйек айының соңына немесе қыркүйек айының соңына дейін бітіреміз деп ойлаймын. Бір жұма 10 күн әрі бері уақыт болуы мүмкін материалдарға байланысты, - дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов.


Аймақта «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы өткен жылы іске қосылған болатын. Екібастұзға 200 отбасы Елордадан алдыртылған.

Бірақ мәселе жақында шешілмейтін болса, бұл отбасылардың көпшілігі кері қайтуға бел буып отыр.