Экономист несиені кешіруден кімдердің не ұтатынын айтты

0
1 617

Экономикалық сарапшы президенттің әл-ауқаты төмен отбасылардың несиесін кешіру туралы шешімі банктерге де тиімді екенін айтты.


Экономист несиені кешіруден кімдердің не ұтатынын айтты

ERNUR.KZ. Несиені кешіру туралы президент жарлығы әл-ауқаты төмен отбасылардың экономикалық жағдайын түбегейлі өзгертпейтіні анық. Бірақ мұның өзі мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтова мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

"Банктерде «үмітсіз» дейтін қаржылар болады. Олар өтемі 90 күннен асып кеткен. Сондықтан банктер ол несиені өздерінің пайдасы үшін онсыз да қалай болсын, жабу керек. Міне, оны бюджеттің арқасында жабуға мүмкіндік туып тұр. Сондықтан бұл, бір жағынан банктерге жәрдем, екінші жағынан, одан аз да болса көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, кірістері төмен отбасылар да пайдасын көреді" - дейді экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтова.

Айта кетелік, 26 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасылар мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандардың, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың және мүгедек бала асырап отырғандардың несиесін кешіру туралы Жарлыққа қол қойған.