Экс-әкім Болат Бақауовтың ісі сотқа жетті

0
620

Іс Павлодар қаласының №2 сотында қаралады.


Экс-әкім Болат Бақауовтың ісі сотқа жетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі сотқа жіберілді, деп жазады zakon.kz.


Сот залында жарияланған шешімде Бақауовқа "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылған. Басты сот процесі 27 мамырда сағат 10-ға жоспарланған.

- Сотталушыға қатысты таңдалған алдын-алу шарасы сақталады. Іс жүргізу тілі - орыс тілі, делінген құжатта.
Іс Павлодар қаласының №2 сотында қаралады.

Биыл 15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Болат Бақауовты ұстады деген ақпарат пайда болды. Оның үстінен облыстың жоғары лауазымды шенеунігі арызданғаны айтылды. 17 қаңтарда Бақауов "өзіне сеніп тапсырылған қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен екі айға қамауға алынды. Ал 21 қаңтарда ол қызметінен түсті. Бір айдан кейін, 19 ақпанда, бұрынғы әкім үй қамауына алынды. Бұлтартпау шарасын өзгерту себептерінің бірі бұрынғы шенеуніктің денсаулығының нашарлауы болды. Іс Бас прокурордың бақылауында.