Басқосуға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
ERNUR.KZ. Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп жазады egemen.kz.
Басқосуға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Сондай-ақ жиында Саяси кеңес мүшелері – Үкімет басшылығы, Парламент мүшелері, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары бар.
Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру, партия жұмысы бағыттарының негіздері мен саяси кеңестің құрамына өзгеріс енгізу мәселелері талқыланады.
Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында партия алдында «үлкен міндеттер қойылатындығын және алдыда үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны» туралы жазған еді.
Еске салсақ, Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойылған еді.