Еліміз әлемдегі қылмыс деңгейі рейтингінде 48-орында тұр

0
552

Республика бойынша ең көп қылмыс Алматыда жасалды.


Еліміз әлемдегі қылмыс деңгейі рейтингінде 48-орында тұр

ERNUR.KZ. Қазақстан қылмыс деңгейі рейтингінде 142 елдің арасында 48-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылдың басында қылмыс индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 48-орынды иеленді. Еліміздің индексі – 52,7. Бұл тұста индекс неғұрлым көп болса, елдегі қылмыс деңгейі соғұрлым жоғары екенін атап өту керек.

Ресурстың жазуынша, индекс сауалнамалар негізінде мемлекеттегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалайды.

ТМД-да Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Беларусь пен Қырғызстанда жоғары болса, ал Молдова, Украина, Ресей және Өзбекстан рейтингте айтарлықтай төмен тұр.

Қылмыс деңгейі жоғары елдердің үштігінде Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан елдері бар. Ал, Қатар рейтингте ең соңғы орынға табан тіреді.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша елімізде 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.

Республика бойынша ең көп қылмыс Алматыда тіркелді (34,9 мың). Антилидерлер үштігінде Астана (17,1 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (12,6 мың құқық бұзушылық) бар. Құқық бұзушылықтардың ең аз саны Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында байқалған.

10 мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейінің ең жоғары коэффициенттері Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ең төменгі деңгей Түркістан облысында байқалды.

Өткен жылы меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп жағдайы тіркелді (122,2 мың).