Ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
ERNUR.KZ. Елімізде 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа температурасы +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте +37+43°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+дейін ыстық болады.
«Еліміздің барлық өңірінде жаз басталып келеді. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын антициклон айқындайды. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады», - делінген Қазгидромет ұсынған хабарламада.