Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттап жатыр

0
1 030

Елімізде бір жылда дәрі-дәрмек 9,7 пайызға дейін қымбаттаған.


Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттап жатыр

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарапшылардың зерттеуінше, елімізде бір жылда дәрі-дәрмек 9,7 пайызға дейін қымбаттаған. Антисептиктер, дене қызуын түсіретін, бүйрек ауруларына арналған және антибиотиктер қымбаттағаны белгілі болды.

"Антисептиктер бір жылда бірден 33,2 пайызға, дене қызуын түсіретін дәрілер 16,3 пайызға, бүйрек ауруларына арналған дәрілер 11,5 пайызға, ал антибиотиктер 10 пайызға дейін қымбаттаған. Ал аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер керісінше арзандаған, бағасы бір жылда 0,4 пайызға төмендеген", - дейді сарапшылар.