2022 жылдың мамырында республикада 20 жыл тізгінделген 39 490 автокөлік тіркелген.
ERNUR.KZ. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 28%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.
Бір айда тіркелген көліктердің ішінде 20 жылдан аса тізгінделгендерінің үлесі – 40,3%.
Өңірлерге тоқталсақ, Жамбыл облысында 3 мәміленің 2-еуі 20 жылдан асқан көліктер бойынша жасалған. Алматы және Қызылорда облыстарында мәмілелердің жартысынан көбі тағы осы санаттағы автоларға тиесілі.
Мамыр айында Қазақстанның оңтүстігінде 20 жылдан аса жүргізілген барлығы 23 мыңнан астам көлік тіркелді. Бұл республикалық көрсеткіштің 58,3%-ын құрайды.