Елімізде инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді

0
1 923

Биыл халық арасында тырысқақ, оба, дифтерия, сіреспе, полимэлит, безгек аурулары тіркелген жоқ.


Елімізде инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осылай деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше бүгінде инфекциялық ауруларға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасуда.

«Биыл халық арасында тырысқақ, оба, дифтерия, сіреспе, полимэлит, безгек аурулары тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Оның ішінде қызылшамен ауыру жағдайы 3,7 есе, сальмонеллез 2 есе, менингогок инфекциясын жұқтыру 1,8 есе, сонымен қатар, созылмалы вирусты гепатиттің тарау жағдайы 42%-ға, туберкулез 22%-ға, вирусты гепатит 9,3%-ға төмендеді», – деді вице-министр.