Елімізде интернет-алаяқтық 2 есе артты - ІІМ

0
843

Министр ішкі істер органдарын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа да тоқталып өтті.


Елімізде интернет-алаяқтық 2 есе артты - ІІМ

ERNUR.KZ. Интернет-алаяқтық 2 есе артты. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Интернет-алаяқтық 2 есе артты. Бұған цифрлық технологияның дамуы себеп. Киберқылмысқа қарсы нақты ісшаралар қолға алынуда. Бұл қылмыстар көбінесе шетелден жасалады. Сондықтан осы мәселе қазан айында министрлік бастамасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында қаралды»,- деді ол.

Министр ішкі істер органдарын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа да тоқталып өтті.

«106 артық басқару буыны және шамамен 1,5 мың басшылық лауазым жойылды. Штат саны 11 пайызға қысқартылды. Бұл 10 000 қызметкер. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің саны бойынша 100 мың тұрғынға шаққандағы деңгей 372-ні құрайды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.