Ұлттық экономика министрі заң жобасын таныстырды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеру жоспарланып отыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске ("Салық кодексі") өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.
"Салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады", - деді Дәленов.