Шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Ауа райы болжамына сәйкес, шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Қазақстанда күнзідгі ауа температурасы:
- батыс өңірлерде +32+37°С дейін;
- солтүстік-батыста +30+35°С дейін;
- солтүстікте +20+30°С дейін;
- орталықта +20+28°С дейін;
- оңтүстікте +30+38°С дейін ыстық болады;
- оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20+25°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10+15°С дейін сәл төмендейді;
- шығыста негізгі фон +23+28°C.