Елімізде пойыздар қашан жүре бастайды

0
1 061

Пойыз жүре бастаған кезде Covid-19 індетінің жоқтығын білдіретін анықтаманың талап етілетінін немесе талап етілмейтінін бас санитарлық дәрігер шешеді.


Елімізде пойыздар қашан жүре бастайды

ERNUR.KZ. Елімізде пойыздардың жүру мәселесі талқылануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Пойыздар қай кезден бастап жүре бастайтынын нақты айту мүмкін емес. Бұл мәселе әлі талқылануда. Пойыз жүре бастаған кезде Covid-19 індетінің жоқтығын білдіретін анықтаманың талап етілетінін немесе талап етілмейтінін бас санитарлық дәрігер шешеді, - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.

«Карантин шараларын тоқтатудың нақты шарттары бар. Карантиннің ертерек тоқтағанын қаласақ, Денсаулық сақтау министрлігі қойған барлық талаптарды толық сақтау керек», - деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.