Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 20 381 бала вакцина алды, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР Денасулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асқан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқа жөсөспірімдер. Одан бөлек 2 499 жүкті әйел коронавирусқа қрасы вакцина қабылдаған. Сондай-ақ бала емізіп жүрген 4 674 ана Pfizer вакцинасын салғызған.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда халықты ревакциналау басталды . Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейтінін айтады .
Еске салсақ, өткен аптада ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару туралы ұсынысты мақұлдады .