Еліміздің ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы Ақмола облысының командасы болды.
ERNUR.KZ. Елордада Қазақстанның барлық өңірлерінің және Литва командаларының қатысуымен өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы қорытындыланды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы Ақмола облысының командасы болды. Екінші орынға Жамбыл облысының командасы ие болды. Үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарын құттықтап сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысын өткізу көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар барысында, төтенше жағдайлар туындаған кезде алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын оқытуға, Қазақстанда симуляциялық білім беру саласында, медицинадағы шұғыл жағдайлар кезінде ең үздік тәжирибені енгізуге, жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыруға, командада тиімді жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
«Дәрігердің мамандығы, соның ішінде жедел жәрдем дәрігерінің мамандығы қоғамдағы ең қажетті мамандық. Ол өте күрделі, жанқиярлықты талап етеді, кейде адам өмірін құтқаруда шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Медицина қызметкерлерінің тәжірибесі, оларға тән адам өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершілігі барлық реформалардың сәтті жүзеге асырылуының және қоғамдың тұрақты дамуының кепілі», - деді министр Елжан Біртанов.
Ол дәрігерлерге кәсіпқойлығының, сезімтал жүрегі мен алтын қолдарының арқасында арадамдардың ризашылығы мен сүйіспеншілігі бөлене беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, ол әріптестеріне жаңа жеңістерге қол жеткізуде сәттілік тіледі.