Еліміздің бірнеше өңірі бойынша су тасқыны қаупі ескертілді

0
2 974

Мұз жібуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.


Еліміздің бірнеше өңірі бойынша су тасқыны қаупі ескертілді

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК (Гидрология департаменті) 11 наурыздағы деректер бойынша ескерту жариялады, деп жазады inform.kz.

12-14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің жоғарылауы ықтимал.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, беткейлік ағын қалыптасуы, мұз жібуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Судың жайылуы және тасқыны болуы ықтимал.