Елорда әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

0
1 207

​Тепловизорлар орнатылып, санитайзерлер мен басқа да қорғаныс құралдары сатып алынды.


Елорда әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда санитарлық шаралар күшейтілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда санитарлық шаралар күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Әр үш сағат сайын әуежай аумағы, қызметтік үй-жайлар, арнайы құралдар, сондай-ақ адамдар көп шоғырланған жерлерде дезинфекция жасалады.


«Біз терминалдардың барлық кіреберіс топтарына 15 термокамера орнаттық, жеке қорғаныс құралдары, маскалар, қолғаптар сатып алдық. Антисептиктер әуежайдың барлық терминалында және әкімшілік ғимаратында бар. Жолаушылар жиналатын жерлерде арақашықтық сақтау белгілері, орындықтарға ленталар жапсырылды», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арнабол Бақыт.




Барлық әуежай қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ол үшін 14 мың жеке қорғаныс құралдары, 122 мың медициналық қолғап, 400 мыңнан астам маска сатып алынды. Қызметкерлерді ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулер күн сайын жүзеге асырылады. Егер олардан жоғары температура немесе басқа белгілер байқалса, олар жұмысқа шығарылмайды.

Қазіргі уақытта әуежай ішкі және бірқатар халықаралық рейстерді қабылдайды. Компания жолаушыларға санитарлық нормаларды қатаң сақтау, маска тағу, санитайзер қолдану және арақашықтық сақтау керектігін ескертеді.