Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады

0
2 592

Автобустарға маскасыз кіруге болмайды.


Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады

ERNUR.KZ. 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы 6.00-ден кешкі сағат 23.00-ге дейін қатынайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

11 қаңтарда қоғамдық көліктердің жұмысы әдеттегідей жалғасады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.

«Маска тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға маскасыз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді.