Елордада 12 жасар оқушының алғашқы кітабы жарыққы шықты

0
390

Жас қаламгердің тырнақалды туындысында заманауи ертегілер топтастырылған.


Елордада 12 жасар оқушының алғашқы кітабы жарыққы шықты

фото: кадрдан скрин

Елордалық 12 жастағы Разия Өмірсерікқызының «Ертегілер әлеміндегі ханшайым» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Жас қаламгердің тырнақалды туындысында заманауи ертегілер топтастырылған. Автор қоғамдағы кейбір мәселелерді түрлі кейіпкерлермен бейнелеп, әдемі оқиғалармен өрген. Кітаптағы суреттерді де Разияның өзі салыпты. Алғашқы жинақтың жарыққа шығуына оның ата-анасы қолдау көрсеткен.

"3 -сыныптан бастап шығармалар өлеңдер шығаруды жақсы көрдім.Сөз таптары деген ертегі жазуға берді.Мен оны шығарып анама көрсеттім. Ол маған күшті жазасың деп инстаграм парақшама салып қойдым.Сосын маған өзімнің оқырмандарым күшті жазасың деп шабыт беріп, мен тағыда күшті ертегілер жазатын болдым", - дейді жас қаламгер Разия ӨМІРСЕРІКҚЫЗЫ.