Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті

0
419

Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

8 маусымда сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде болған өртті сөндіруге шықты.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды", - деді ТЖМ өкілі.


Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілгені хабарланды.

Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.