Елордада 43 шаршы метр пәтерде 600 адам тіркеуде тұрған

0
449

Пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды.


Елордада 43 шаршы метр пәтерде 600 адам тіркеуде тұрған

ERNUR.KZ. Елордада небәрі 43 шаршы метр жерде 600 адам тұрып келген, деп хабарлайды Хабар24.

Тәртіп сақшылары аядай ғана жерде 600 адамның тіркеуде тұрғанын анықтады. Пәтер иесі адамдарды жөн-жосықсыз тіркей берген. Заңға қайшы әрекет еткен азаматтың атына әкімшілік хаттама толтырылды. Ал әлгі пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды.

Атап өтейік, елордада мамырдың 17-сінен бері көші-қонға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 1200 пәтер тексерілген. Нәтижесінде азаматтарды өтірік тіркегені үшін 50-ден аса пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.