Полиция қала тұрғындарын қырағы болуға шақырды.
ERNUR.KZ. Астана ауруханаларының бірінде емделіп жатқан пациент палатада бірге жатқан өзге әйелдің ұялы телефонын ұрлап ұсталып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті ұрлықты ауруханадан шығар күні жасаған. Қолды болған Samsung A5 смартфонының нарықтағы құны 80 мың теңге дейді жәбірленуші. Полицейлер оған телефонын қайтарып берді.
«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан барынша мұқият болуды сұраймыз, өйткені ұрлық – ең жиі жасалатын қылмыс болып есептеледі», - делінген аталған хабарламада.