Елордада бір тәулік ішінде 15 мекеме карантин режимін бұзған

0
2 416

Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.


Елордада бір тәулік ішінде 15 мекеме карантин режимін бұзған

ERNUR.KZ. Елордалық мониторинг тобы карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 5 ақпан күні мониторингтік топ белгіленген жұмыс тәртібін бұзған 2 қоғамдық тамақтану орнын анықтады: "Wall Street Restaurant" мейрамханасы және "The Wine Cafe" шарап бары.

Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзды: NE Bar, «Шишка» Lounge Bar, «Ragnarok» компьютерлік клубы, «Алания» түнгі клубы.

Байқоңыр ауданының мониторинг тобы 4 кәсіпкерді карантин шараларын бұзды деп айыптады. Сонымен, үйлестіру орталығына «Какие люди» ресто-бары және «ШАШЛЫКОFF» гриль-бары жұмыс режимін сақтамағаны туралы хабарлама жолданды. Сондай-ақ, бұл тізімде Zara және ZAZA түнгі клубтары бар.

Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, "Угол" барлары жұмыс істеді, Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кетті. Jax ойын клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан карантин режимін бұзып, жұмысын жалғастырды.

Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Мониторингтік топтар азаматтарға және мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Елордада карантин талаптарын қайта күшейтуді болдырмау үшін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық ережелерді сақтауға шақырады. Қазір вирус әлі де басылған жоқ.