​Елордада бизнес субъектілерінен тұрақты түрде пара алып келген бөлім бастығы ұсталды

0
1 231

«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда


​Елордада бизнес субъектілерінен тұрақты түрде пара алып келген бөлім бастығы ұсталды

ERNUR.KZ. Елордалық шағын және орта бизнес субъектілерінен тұрақты пара алған бөлім бастығы ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердлин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ол.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, ол қоғамдық тамақтану нысандарына жоспарлы тексерулер бойынша оң шешім, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 75 мың теңге параны тұрақты түрде алып отырған. «Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - деді А.Бердалин.