Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды

0
310

Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.


Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Нұр-Сұлтан қаласында 4 тамыз күні сағат 22: 30-да "Howo" автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тас жолы жағынан айналма жолмен жүріп, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған "Steyr" маркалы жүк көлігіне соқтығысты. Оның артынша "Volkswagen Passat" автокөлігінің жүргізушісі "Howo"автокөлігімен соқтығысады.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 11 және 7 жастағы "Howo" автокөлігінің кәмелетке толмаған екі жолаушысы көз жұмды. "Howo" және "Volkswagen Passat" автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.