Елордада көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0
646

Ұрылар 20 қазаннан бастап 5 көлік ұрлығы бойынша күдікке алынып отыр.


Елордада көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Бас шаһарда көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Хабар24.

Шұғыл іздеу шаралары нәтижесінде елордалық полиция автоұрылардың ізіне түскен.

Күдіктілердің «Хёндэ Аванте» көлігі Абылайхан көшесі бойында тоқтатылды. Алайда олар есікті ішінен бекітіп, көліктен шықпаған. Тәртіп сақшыларының көлікті оқшаулап, терезесін сындыруға тура келген. Ұсталғандардың бірі 39, екіншісі 42-де. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Олар 20 қазаннан бастап 5 көлік ұрлығы бойынша күдікке алынып отыр.