Ол өзіне қол жұмсау мақсатымен зәулім үйдің 16-қабатына көтеріліп, секіріп кеткен деген болжам айтылуда.
ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай бүгін таңғы сағат 10:30 шамасында №10 қалалық аурухана аумағындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады Atameken Business.
Оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Ол өмірімен қош айтысу үшін зәулім үйдің 16-қабатына көтеріліп, секіріп кеткен деген болжам айтылуда. Ал көршілер жантүршігерлік жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.
Белгілісі, марқұм бұл үйде тұрмаған, оқиға орнында қыздың күртешесі мен сөмкесі қалған.