"Ауа райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды", -деді қала әкімі.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Ауа райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында.