Елордада жүгіруге шыққан әйелді белгісіз біреу зорламақ болды

0
489

42 жастағы әйел Момышұлы көшесіне жүгіруге шыққан.


Елордада жүгіруге шыққан әйелді белгісіз біреу зорламақ болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болды. Елордалық полицейлер күдіктіні ұстады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Сағат 19.34-те 102 арнасына бір жігіттің әйелді зорламақ болып, кейін қашып кеткені туралы хабарлама түсті.

"42 жастағы әйел Момышұлы көшесіне жүгіруге шыққанда, артынан күдікті ер адам жүріп бара жатқанын байқағаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қолында екі пакет болған. Кейінірек ол жасырыну үшін киімін ауыстырғысы келгені белгілі болды", - деп хабарлады ДП өкілдері.

Полиция мәліметінше, қаскүнем мас күйде әйелді ұстап алып, оны жерге құлатып, күш қолдана бастаған.

"Абырой болғанда, жолаушылар айғайды естіп, көмекке асықты. Бей-жай қарамайтын азаматтарды көріп, қылмыскер қашып үлгерді. Осы ақпарат 102-ге түскеннен кейін қаскүнемді ұстау үшін дереу полиция департаментінің жеке құрамы бағдарланды. Күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол тұрақты жұмыс орны жоқ 20 жастағы жігіт болып шықты", - деді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.