Бұл жағдайда отбасында үш немесе одан көп бала болуы керек.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімшілігінің тұрғын үй қоры "Еңбек" бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz.
"Еңбек" бағдарламасында қайда үй ала алуға болады?
Астана қаласының кезекте тұрған тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданынан үй ала алады. Бұл - Ковыльный, Новоишимское, Шөптікөл, Пески және Разгульное ауылдары. Бұл туралы елордалық әкімшілігінің тұрғын үй қоры хабарлады.
Үйдің ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйді ай сайын жалға алу құны 7 000 - 9 000 теңге (18-23 доллар) болады. Бес жылдан кейін тұрғын үйді жекешелендіруге болады.
Бұдан басқа отбасылардың әрбір мүшесіне 88 375 теңге (230 АҚШ доллары) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Бағдарламаға кезекке тұру үшін Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй қорына бару керек.
Бұл жағдайда отбасында үш немесе одан көп бала болуы керек. Сондай-ақ, ата-аналардың бірінің кәсібі механик, электрик, құрылысшы, мал дәрігері, мал шаруашылығы, жүк көлігі жүргізушісі, металл жонушы, энергетик болу керек.
Егер бағдарламаға қатысқысы келетіндердің мамандығы бұған сәйкес келмесе, онда оларға тегін оқу ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, "Барыс" тұрғын үй кешені) мекен-жайы бойынша елорданың "Тұрғын үй қоры" мекемесінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үй кезегінде тұрғандарына Павлодар облысының Екібастұз қаласынан баспана ұсынылады.