Өрт университеттің 1 қабатындағы кабинеттердің бірінен шыққан.
ERNUR.KZ. Елордадағы «Шабыт» университетінің бірінші қабаты өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.
«1 шілде күні кешкі сағат 20:36-да ТЖД-ның «101» пультіне Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Шабыт» университетінің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт университеттің 1 қабатындағы кабинеттердің бірінен шыққан. Жалын сағат 20:57-те ауыздықталып, сағат 21:03-те толық сөндірілді», - деді ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
«Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 20 адам және қалалық ТЖД-ның 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ол.