Елордалық дәрігер Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапты

0
825

Ұшақ бортта № 10 қалалық аурухананың екі қызметкері болған.


Елордалық дәрігер Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қайғылы жағдай. Бортта біздің екі қызметкер болды. Арман Исина мен Салтанат Мұқашева келісімшарт бойынша ауруларды басқару бағдарламасының үйлестірушісі болды. Мұндай жаңалықтарды оқу қорқынышты... Қаза тапқандардың тізімінен... Ол бірнеше жыл бұрын бір облыста ауруларды басқару бағдарламасының пилот жобасын енгізіп, кейін ол жобаны бүкіл Қазақстан бойынша енгізді. Иманды болсын.

Салтанат Мұқашева қазір ауруханада. Тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. № 10 қалалық аурухананың ұжымы мен мекеме басшысы Гүлнар Алпысбекованың атынан әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтады. Бекем болыңыздар", - делінген емхананың әлеуметтік желісіндегі парақшасында.