Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Tengrinews.kz
Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді. Самусев жекпе-жектен кейін, белбеуге тағы да қазақ үміткерлік етсе, оны бере салатынын айтты.
"Ассаламу алейкум, қазақ елі! Мен - қазақпын. Менталды тұрғыда - қазақпын! Мен осы жерде дүниеге келдім. Енді қазақтармен айқаспайтынымды айтқым келеді. Біреу үміткер болса, белбеуімді қалдырамын. Сол үшін маған басқа файтерлерді беріңдер, жарай ма?"- деді Самусев.